Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертулердің мәтіні

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге деген шамадан тыс құмарлық жеке тұлғаға келесі болжамды қауіп-қатерлері мен зиянын білдіреді:

-тәуелділік: құмар ойындарға қатысушы және (немесе) бәс тігу мінез-құлықты бақылауды жоғалтады және ойнауды тоқтата алмайды;

-психикалық денсаулық: стресс, мазасыздық, депрессия және басқа психикалық бұзылулар;

-әлеуметтік салдары: отбасымен, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынастың нашарлауы және әлеуметтік оқшаулану;

-жұмыс пен оқуға әсері: кәсіби қызмет пен оқуға теріс әсер етеді, өнімділік пен оқу үлгерімін төмендетеді.

Тәуекелдерді азайту үшін жауапкершілікпен ойнау, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге жұмсалатын уақыт пен қаражат лимиттерін белгілеу, сондай-ақ тәуелділіктің алғашқы белгілерінде медициналық ұйымнан көмек сұрау маңызды.

ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ!